Кітапханашы Ж.С. Макенова 9-сыныпта сыныптан тыс іс-шара өткізді. Тақырыбы: "Оқу-ең жақсы шеберлік"
Мақсаты: оқушыларды оқуға және кітапқа тарту үшін жағдай жасау, кітапқа ортақ қызығушылық негізінде балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз ететін білім беру кеңістігін құру.
Міндеттері: - оқушыларды кітап шығару үдерісімен таныстыру, оларға дұрыс қарауды үйрету, кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту, оқуға деген қызығушылықты тәрбиелеу, ойлаудың, есте сақтаудың, зейіннің жылдамдығы мен дұрыстығын дамыту.
- оқушыларға кітаптарды неге жақсы көру керектігін түсіндіру; кітапхана кітаптарымен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру
- есте сақтауды, зейінді, логикалық ойлауды, байқауды дамыту
- кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу;